Пәтер ұрлығымен айналысқандар ұсталды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
124

ІІМ мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында 6 ақпан күні Астана қаласындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде 30 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Сондай-ақ оның сыбайласы болуы мүмкін 46 жастағы тағы бір күдікті қолға түсті.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ақпан айының басында күдіктілер Қарағанды қаласындағы Гудермецкая көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйге заңсыз кіріп, 8 алтын бұйымды, шамамен 150 мың теңге көлеміндегі ақшаны және 200 АҚШ долларын ұрлаған.

Тінту барысында күдіктілерден алтын сақиналар, шамамен 400 мың теңге көлеміндегі қаражат, түрлі телефон және бүктелмелі пышақтар тәркіленді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Олимпиадада тау шаңғысы жарысында америкалық 41 жастағы Линдси Вонн жарыс жолында құлап, оны таудың...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 7 ақпанда "Жезқазған – П...