Ақтөбеде 3 наурызда 39 жастағы Мінәура Макарова он бірінші баласын дүниеге әкелді, деп хабарлады Мad...
Президент ҰҚК-де кадрлық ауыс-түйіс жасады
ашық дереккөзден алынған
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінде бірқатар кадрлық өзгерістер енгізді, деп хабарлады Мadeniportal.kz.
Мемлекет басшысының жарлығымен Марат Гатауллаұлы Ирменов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Ал басқа жарлықпен Қанатай Жорабекұлы Далматов бұл лауазымнан босатылды.
Марат Ирменов 2022 жылдың қаңтарынан бері Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаментінің бастығы қызметін атқарды. Бұған дейін, 2020 жылдың ақпанынан бастап, Жамбыл облысы бойынша департаментті басқарған. Ол бұл қызметке Қордайдағы тәртіпсіздіктерден кейін келген болатын.
2016–2020 жылдары Ирменов Ақтөбе облысы бойынша ҰҚК департаментін басқарды, ал оған дейін Алматы қаласы бойынша департамент бастығының бірінші орынбасары болған. Қанатай Далматов 2024 жылдың қазан айынан бері ҰҚК төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Бұған дейін ол Қазақстан Қарулы күштерінің Бас барлау басқармасын 2023–2024 жылдары басқарды. 2000–2023 жылдар аралығында ұлттық қауіпсіздік және шекара қызметі органдарында түрлі басшылық және жедел лауазымдарда еңбек еткен.