Павлодарда әкесінен айырылған ер адам анасын пышақтап өлтірген

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
993

Павлодарда көпқабатты үйдің пәтерінен ана мен баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Полицияның мәліметінше, 36 жастағы ер адам өз анасын өлтіріп, кейін өз-өзіне қол салған. Тергеу барысында оның артында хат қалдырғаны анықталды. Онда ер адам әкесінің қайтыс болуынан кейін өмірдің мәнін жоғалтқанын жазған.

Көршілердің айтуынша, бұл отбасы осы үйде көп жылдан бері тұрып келген. Олар жуырда ғана отбасының отағасы өмірден өткенін растады. 

Павлодар облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, әйелдің өлімі бойынша Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабымен іс қозғалған.

«Павлодар қаласының Орталық полиция бөлімінің тергеушілері жәбірленушінің өлімі мен оның ұлының өз-өзіне қол жұмсауы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Белгілі болғандай, ер адам қылмысты жасаған соң өз-өзіне пышақ жарақатын салған», — делінген полиция мәліметінде. 

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...