Құтқаруға барып, зорлап кеткен: Оралда полиция қызметкері қамауға алынды

Фото: Gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1100

Орал қаласында 25 жастағы бұрынғы полиция қызметкеріне қатысты қызды зорлады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Мой город басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, әлеуметтік желіде Абай полиция бөлімінің қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде қылмыс жасады деген ақпарат тараған.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға көршілердің шуға байланысты шағымынан кейін болған. Полиция қызметкері пәтерді тексеруге барған. Айтылған дерекке сәйкес, қылмыс сол жерде жасалған.

Қалалық прокуратураның баспасөз қызметі қылмыстық іс қозғалғанын растады.

«Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар ол ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды», – деп мәлімдеді қадағалау органы.

Полиция департаменті өз қатарындағы тәртіп пен заң бұзушылыққа жол берілмейтінін және мұндай әрекеттер қатаң тоқтатылатынын айтты. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...