Әйгілі қазақстандық режиссер діни радиказм жайлы пікірін білдірді

ЖАҢАЛЫҚТАР
3797

Әйгілі қазақстандық режиссер Али Шер Сулеймен діни радиказммен күресу жайлы өз пікірімен бөлісті:

- «Діни радикализмнен халқымызды қорғайтын қанымызда алмас қылыш бар - ол біздің ұлттық дәстүр-салтымыз».

«Ғасырлар бойы шыңдалып, елімізге сіңген дәстүр-салтымыздың омыртақысында: кішінің үлкенге, ағаның ініге, баланың ата-анаға, ер адамның әйелге деген қатынасында - мейірімділік, сабырлық, кішіпейілділік, ұстамдылық, ынсап деген имандылықтың түп тамырын құрайтын ұғымдар жатыр. Егер салт-дәстүрімізді қастерлесек, тәрбиенің қылыш-қалқаны осы» - деп сұхбаттардың бірінде ойын білдірді.

- «Екіншіден, діни ағартуды дамыту керек» - деген ойымен бөлісті режиссер.

- «Қалай, қашан келген дін, қай дін?Дін тарихы, діни ағарту пәндері арқылы мектептен бастап зерттеу артық болмас. Жастарымызға менің ойымша сонда ғана дінді еркін түсінуге, жете түсінуге саналы жол ашылады».

madeniportal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Оқушылар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша өтке...