Терезеден кірген: Астанада тұрғындар ұйықтап жатқанда үйлеріне ұры кірген

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
2105

Астанада терезе арқылы үйге кіріп, ұрлық жасаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Polisia.kz сайтының жазуынша, қылмыскер бейнебақылау камерасына түсіп қалған.Ол түнгі уақытта Оқжетпес көшесіндегі жеке үйдің ашық терезесін пайдаланып, үй ішіне кіріп кеткен. 

Астаналық тұрғын полицияға шағым түсіріп, қоғамдық жатақхана бөлмесінде ұрлық болғанын хабарлаған. Оқиға орнына келген жедел топ күдіктіні бір тәуліктің ішінде анықтап, ұстаған.

  • Күдікті — бұрын сотты болған 43 жастағы ер адам
  • Терезеден кіріп, бір бөлмеге өткен
  • Сол жерде мобильді телефон мен банк картасын ұрлап, оқиға орнынан жасырынған

«Күдікті кінәсін толық мойындады»,– деп мәлімдеді Сарыарқа ауданының криминалдық полициясы. 

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

  • Айғақты заттар тәркіленіп, иесіне қайтарылды
  • Тергеу амалдары жалғасып жатыр
  • Сотқа дейінгі тергеу шеңберінде күдіктінің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...