«Біз күтпеген едік»» : Бельгия құрамасының жаттықтырушысы Қазақстанмен болған тең ойынға пікір білдірді

Фото: ASnews.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
683

Бельгия құрамасының бас бапкерінің көмекшісі Клод Фишо Қазақстанмен (1:1) болған тең ойынға пікір білдірді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы ASnews.kz жазды.

Клод Фишо 22 жастағы қазақстандық қақпашы Темірлан Анарбековтің ойынын да атап өтті.

«Біз бірден ойынға кіре алмадық. Жабынға бейімделуге тым көп уақыт кетті. Бірінші таймда бізге ауыр болды, бірақ үзілістен кейін команда жинақталып, есепті теңестірді. Көргендеріңіздей, біз қақпаға өте көп соққы жасадық.
Біз матч осылай басталады деп күтпеген едік. Ойыншыларды ескерткенбіз, бірақ Қазақстан өз стилін – жылдам шабуыл мен кездесудің басында гол соғуды – тиімді қолданды. Егер бүгін әлем чемпионатына жолдама алып қойғанымызда, тойлаған болар едік. Бірақ енді оны сейсенбіге қалдырдық. Құрамамызда жаңа ғана ойын уақытын ала бастаған футболшылар бар. Бұл – біз қиын бастайтын алғашқы матч емес. Анализ жасап, қателіктерді түзетуге тырысамыз. Ойынға арналған нақты жоспар болды. Екінші таймда соны көрдіңіздер. Докуды атап өткім келеді. Ал сіздердің қақпашыларыңыз да бүгін өте мықты матч өткізді», – деді Фишо. 

Бельгия құрамасы 15 қарашада 2026 жылғы ӘЧ іріктеу матчында Қазақстанмен тең түсті. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада алдағы күндері ауа райы күрт нашарлайды: жаңбыр қарға ауысып, жел күшейеді, ал ауа температ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлемге әйгілі американдық рэпер Эминем мен колумбиялық поп-жұлдыз Шакира Қазақстанда концерт беретін...