Қазақстанда 10 жыл бойы кәмелетке толмаған үш қызын зорлаған Өзбекстан азаматы ұсталды, деп хабарлай...
"Жиырма күнге жуық ес-түссіз жаттым"
Сурет: Ашық дереккөзден
Белгілі сазгер, ақын Бақтияр Құрманайқызы отандан кейінгі жағдайын айтып, желіде жазба жариялады, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Ақынның айтуынша, жиырма күнге жуық ес-түссіз жатқан.
"Жоспарланған операция. Бес жерден тесіп жақсы өткен.Асқазан ауырып жүргеніне екі жыл болды.Барлық анализдер жақсы шығып, отадан соң тұрып үйге қайтқанмын. Ішек спайка болған, тілу керек әйтпесе болмайды деді. Ары қарай білмеймін. Комаға түсіп, өң мен түстің ортасында Димаш Құдайбергенмен әлемдік концерттерде жүрдім.Иә анық көрінеді. Жиырма күнге жуық ес-түссіз жатқанымды көрген достар бәріне дайын тұрды. Алланың қалауы ғой, 99/1 пайыз ғана үміт бар. Дайын болыңыздар деген екен.
Бұл тақырыпты осы постпен жабамын. Жаман күндер артта қалды. Бір дертке шипа іздегенімде Алла ауыр, көтере алатын сынақ беріп, он дертімнен айықтырды. Ішекті жуғызды бірнеше рет, асқазанның жарасын да, артығын да кесті. Қан да тазарды, ұйқы бездер орнына келді. Қан қысымым реттелді. Әр қиындықтың артында қайырлы үлкен жеңілдігі мен қуанышы бар деп тегін айтпаған. Өзіме емес көзіме, құнды сөзіме мән бер халқым, мен сіздермен сондай бақыттымын", -деп жазды ол.