Жиі ұрып соққан: Күйеуін оқтаумен ұрған әйелге қатысты тың дерек шықты

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
170

Түркістан облысында күйеуін оқтаумен ұрып, ауыр жарақаттаған әйелге қатысты оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, ер адам әйелінің өзін соққыға жығып жатқан сәтін видеоға түсіріп үлгерген. Кейін оның үстінен полицияға шағым түсіргенімен, оқиға орнына құқық қорғау органдары келмегені айтылған.

Жарақат алған азамат кейін жедел жәрдем шақырып, кезекші полицияға қайтадан арызданған.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға Түркістан облысында болған. Жәбірленушінің туыстары келіндерінің ер адамды жиі ұрып-соғатынын айтып, құқық қорғау органдарынан оны жауапкершілікке тартуды талап етіп отыр.

Қазіргі уақытта ресми органдар бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берген жоқ.

PESTEL

Францияның оңтүстік-батысындағы Жиронда және Ланд департаменттерінде болған ірі орман өрттеріне байл...

АЙМАҚТАР

«Қазгидромет» РМК 25-27 шілде және одан кейінгі күндерге арналған дауылды ескерту жариял...