Петропавлда екі жасар бала күнбағыс дәніне тұншығып көз жұмды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1785

13 маусым күні Петропавл қаласында екі жасар бүлдіршіннің өліміне әкелген қайғылы жағдай тіркелді, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

Сәбидің күнбағыс дәніне тұншығып қалғаны белгілі болды. Оқиға кезінде баланың анасы үйде болмаған: ол дүкенге шығып, баланы үлкендеу балаларға қарауға қалдырған. Сол сәтте сәби күнбағыс дәнін жұтып қойған. Жедел жәрдем шұғыл шақыртылып, екі бригада қатар жұмылдырылғанымен, баланың өмірін аман алып қалу мүмкін болмады.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның нақты мән-жайлары тергеліп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...