Пандемия және коронавирустық инфекцияға байланысты Павлодар облысының барлық мәдениет мекемелері қаш...
БЕЛСЕНДІЛІК БЕЛ СЫНДЫРАДЫ
Марғұлан Сейсенбай өзінің фейсбуктағы парақшасында жаны түңілген жағдайымен бөлісіпті
"Достар,
2018 жылдың 24 желтоқсанында, Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасының жанындағы мекемеаралық тергеу тобы, менiң "Стратегиялық бастамалар форумынан" кейiн, және менiң әлеуметтiк белсендiлiгiм үшiн Альянс Банкiге қатысты ескi қылмыстық iстердi қайта жандандырды. Бұл iстердiң бiрнеше рет тергелгенiне, олардың көптеген баптарының ескіргенiне қарамастан тергеу тобы ескi материалдардан жаңа iс құрамақшы. Мен еш бiр iстен күнәм бар деп қорықпаймын. Бiрақ егер керек болса менi кiнәлi етiп қоя алатыны баршамызға белгiлi жағдай.
Альянс банкi және одан несие алған компаниялардың жұмыскерлерiн қайта -қайта шақырып, тергеп мазалауда.
Осыған орай, мен өзiмнiң әлеуметтiк белсендiлiгiмдi күрт қысқартамын.
Бiрiншiден, Тұңғыш Президент саябағындағы "Business lifehacker” тобында бизнес мәселелердi талқылап кеңес беретiн таңғы серуенiмдi тоқтатамын.
Екiншiден, Nomad Explorer ұйымдастыру тобынан шығамын. "Оңтүстiк аңыздары" экспедициясының ұйымдастыру жұмыстарын ұйымдастыру комитетiне тапсырамын.
Үшiншiден, "2-шi жастық" тобынан шығамын.
Төртiншiден, "Қоңыр унитаз" флешмобын тоқтатамын.
Бесiншiден, “Alma museum” мұражайымен "Алмалы жұмақ" қоғамдық қорын жеке балансқа шығарып өзiмнен бөлiп тастаймын.
Алтыншыдан, мемлекеттiк мұғалiмдердi қолдауға арналған "Qalam” қорын жеке балансқа шығарып өзiмнен бөлiп тастаймын.
Жетiншiден, елiмiздiң әжетхана мәселесiн көтерiп талқылауды тоқтатамын.
Сегiзiншiден, жастарға бизнес жөнiнде дәрiс оқығанды тоқтатамын.
Тоғызыншыдан, бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат бергендi тоқтатамын.
Оныншыдан, белсендiлiк көрсетiп жаңа бастамаларды ұсынуды тоқтатамын.
Мен бұрыңғыдай өз елiме деген сүйiспеншiлiктi сақтап, елiмiздiң дамуына улес қосып өз орнымда қабiлетiмдi аямай адал iстердi алға жүргiзе беруге тырысамын.
Құрметпен,