Полиция Атырауда көз жұмған бес жастағы қыздың өлімін тергеп жатыр

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2474

Құқық қорғау органдары облыстық балалар ауруханасында көз жұмған бес жасар қыздың өлімін тергеп жатыр, деп хабарлады madeniportal.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Қылмыстық тергеу жұмыстары 317-бап «Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы» бойынша басталды.

«Тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді», деп хабарлады полиция.

Еске салайық, бұған дейін Атырау тұрғыны Әйгерім Хамидуллина облыстық аурухана дәрігерлерін жауапкершілікке тартуды талап еткенін хабарлаған едік. Медицина қызметкерлерінің немқұрайлылығы салдарынан оның бес жасар қызы қайтыс болған.

Шоу-бизнес

Қазақстандық танымал әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желіде жариялаған кезекті жазбасымен көпшілікт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылордада 14 жастағы Нұрисламбек есімді жасөспірімнің қазасына байланысты қылмыстық іс тергеліп жа...