“Керіліп жатып жұмсау бұйырсын”: Жаңа түскен келінге айтқан әженің тілегі талқыға түсті

Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
480

Желіде жаңа түскен келінге айтқан әженің тілегі талқыға түсті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Әлеуметтік желіде тойда жаңа түскен келінге тілек айтқан әженің сөзі көпшіліктің талқысына түсті. Үлкен кісі тілек айтып тұрып “Осы келінді барлығымыз керіліп жатып жұмсау бұйырсын” деп айиады. Тойда асаба болып тұрған адам да бұл сөзге ерекше мән беріп, “Ойбай” деп сөзін жалғастырып, айтылған тілекке тоқталады. 

Бұл видеоға жазылған пікірлердің басым бөлігі: “Өзінің қызын керіліп жұмсаса не істер екен?”, “Құл сатып алғандай айтып жатыр ғой”, “Не тілек мынау” деген секілді наразылық бағытында. Үлкен кісінің сөзіне қосылып, келіннің қызмет істеуі дұрыс екенін, сөздің еш айыбы жоқ екенін жазып жатқандар да бар. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Біріккен Араб Әмірліктерінде іздеуде жүрген Қазақстанның үш азаматы ұсталып, қылмыстық жауапкершілік...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президенті қызметіне кіріскеніне жеті жылдан асты. Осы уақыт ішінде...