Павлодарда Балалар үйлеріндегі 11 қыз зорланғаны анықталды

Фото: opennews.kz

Жаңалықтар
466

Павлодардағы Балалар үйлері мен Балаларды қолдау орталықтарындағы 105 қыз медициналық тексеруден өтті. Тексеру нәтижелері 11 тәрбиеленуші бойынша жыныстық қол сұғушылықты анықтады, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kzтілшісіне сілтеме жасап. 

Бұған дейін прокуратура облыстағы Балалар үйлері мен Балаларды қолдау орталықтарында тәрбиеленіп жатқан 10-16 жас аралығындағы қыздар медициналық тексеру өткізіліп жатқаны туралы хабарлаған.

Прокуратура органдары ұйытқы болған дәрігерлік тексерумен кәмелет жасына жетпеген 105 қыз бала қамтылған. 

Тексеру барысында 11 қыздың ерте бастан пәктігінен айырылғаны тіркеліп отыр. Оның 8-і қазіргі уақытта Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне алынды. Олар бойынша сотқа дейінгі тексеру басталды, күдіктілер анықталып, ұсталды. Үш дерек қылмыстық құқық бұзушылық бойынша тексеріліп жатыр. Бұған қоса балалардың үй жағдайындағы жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырауына қатысты екі дерек тіркеліп отыр, – деп хабарлады бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Сәуле Шәкенова. 

Бұл қылмыстардың барлығына бірнеше жыл болған. Тексерулердің нәтижесінде енді ашылып отыр. 

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...

Өнер

Қазақстанның тұңғыш Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толуына орайластырылған мере...