Пранк жасап, жұртты шошытқан блогерлер қамауға алынды

Фото: polisia.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1306

Астанада лифт ішінде пранк жасап, жұртты шошытқан блогерлер қамауға алынды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Polisia.kz мәліметінше, полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында блогердің екі серіктесімен бірге “хайп” үшін көпқабатты тұрғын үйдің лифтіне жалған мәйітті қойған сәті түсірілген бейнероликті анықтаған.

Сол сияқты екінші видеода бір адам лифтіге жүгіріп кіреді, екіншісі жараланған кейіп танытады, ал үшіншісі қолына балта ұстаған. Олардың әрекеттері лифтіге кірген азаматтарды қатты шошытып, күйзеліске түсуіне себеп болған.

Мұндай “әзілдер” – моральға жат әрі қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттер. Олар қайғылы жағдайларға алып келуі мүмкін. Барлық қатысушы анықталып, ұсталды және жауапкершілікке тартылды, - делінген ресми ақпаратта.

Сот шешімімен бастамашы 30 тәулікке қамалса, қалған екеуіне 15 тәуліктік әкімшілік қамау тағайындалды.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда қаласындағы №375 референдум учаскесінде көпшіліктің назарын аударған ерекше әрі тағылымды...

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...