Мемлекеттік ҚУЫРШАҚ театры – республика тарихындағы тұңғыш қуыршақ театры. Қазақ жерінде өткен...
Президент «Загульба» резиденциясына барды
3109
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президентінің «Загульба» резиденциясына барды. Резиденцияда Қазақстан Президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды madeniportal.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді.

Қазақстан мен Әзербайжанның мемлекеттік әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Салтанатты рәсімнен кейін екі ел басшылары келіссөз залына өтті.
