Петропавлда ер адам «көлік ішінде шылым шекпе» деген такси жүргізушісін ұрып өлтірді

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2072

Петропавлда 39 жастағы Виталий Глушков 60 жастағы таксист Андрей Белоконенконы өлтіргені үшін 9 жылға сотталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға 8 маусымда болған. Мас күйдегі Глушков таксиге мініп, темекі шегіп бастағанда, жүргізуші оған ескерту жасаған. Сол сәтте екеуінің арасында жанжал шығып, жолаушы таксистті көліктен сүйреп шығарып, ұрып тастаған.

Зардап шеккен жүргізуші 5 күн комада жатып, қайтыс болды. Сотта Глушков кінәсін мойындады, бірақ темекіні тұтатпағанын айтты. Сондай-ақ ол марқұмның отбасына 7 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...