4 автомат, 18 тапанша, 13 граната: ҰҚК ірі операцияның нәтижесін жариялады

Gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
143

Қазақстанда заңсыз қару айналымына қарсы жүргізілген іс-шаралар барысында ондаған қару, граната мен жүздеген оқ-дәрі тәркіленді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті жазды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

ҰҚК мәліметінше, 2026 жылдың тамыз айында комитет полиция органдарымен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен еліміздің 12 өңірінде заңсыз қару айналымының жолын кесуге бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген.

«Барлығы 56 қару-жарақ, оның ішінде 4 автомат, 34 мылтық, 18 тапанша, сондай-ақ 13 граната мен 314 оқ-дәрі тәркіленді», – делінген ҰҚК хабарламасында.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астананың Нұра ауданында жеке тұрғын үйден өрт шықты. Оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері жұмыс істеп жа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда бесінші баласын дүниеге әкелген әйел сәбиімен бірге перзентханадан шыға алмай отыр. Отбасын...