Санжар Боқаевтың ісі бойынша алғашқы сот отырысы 28 қыркүйекте өтеді

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
392

Алматыда қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі басталады. Алғашқы сот отырысы 28 қыркүйек күні сағат 09:30-да Алмалы аудандық сотында өтеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл ақпаратты белсендінің адвокаты Радмир Утепов растаған.

Санжар Боқаевқа бірнеше бап бойынша айып тағылып отыр. Атап айтқанда, іс аса ірі көлемде қаржы жымқыру, жалған ақпарат тарату және Баума тоғайындағы ағаштардың заңсыз кесілуін ұйымдастыруға қатысты.

Бұған дейін Бас прокуратура Боқаев әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарды ақшаға жалдап, оларды құрылыс нысандарындағы ұрлық пен ағаш кесуге тартты деген күдікке ілінгенін хабарлаған. Тергеу нұсқасына сәйкес, аталған әрекеттердің видеолары кейін әлеуметтік желілерде жарияланып, қоғамдық резонанс туғызу үшін пайдаланылған.

Санжар Боқаев наурыз айында ұсталып, кейін сот санкциясымен қамауға алынған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдағы тойлардың бірінде әнші Абай Бегейдің жары Фариза Жуманова қымбат смартфон ұтып алып, көпш...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нүриддин Шәмшіұлы көз жұмды, деп хабарлайды M...