Қытайдың Хэнань провинциясындағы Шаньчжоу қаласында отшашу өндіретін зауытта жарылыс болды, деп хаба...
“Ет жинап келе жатқан”: Әскерден мүгедек болып қайтқан Ербаян Түркияға қайта жіберілді
Фото: Instagram/ Inga_imanbay
Бүгін таңертең әскерден мүгедек болып қайтқан сарбаз Ербаян Мұхтар ата-анасымен бірге Стамбұлға жіберілді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Заңгер Инга Иманбай әлеуметтік желідегі парақшасында Ербаян үшін бұл сапар шешуші кезең екенін жазды. Заңгердің айтуынша, Ербаянның емінің бірінші кезеңін халық жылу жинап көтерген болса, екінші ем-дом шараларын мемлекет қолға алған екен. Ал Стамбұлға ұшуды ішкі істер министрлігі мен қорғаныс министрлігі бірлесіп ұйымдастырыпты.
Ербаянның ата-анасы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен генерал Қайрат Үмбетовке көрсеткен көмегі үшін алғысын айтып жатыр. Заңгер Ербаянға қатысты мемлекеттік құрылымдардың дұрыс шешім қабылдағанына және көмек қолын созғанына шын жүректен қуанышты екенін жазды.