Атырау облысы Жангелдин ауылында Қарабалиндер отбасының қазасына байланысты іс бойынша күдікті Сұлта...
Қанат Айтбаев жалғыз қызына ән арнады
Фото: әлеуметтік желі
Қазақстандық өнер иесі, композитор әрі продюсер Қанат Айтбаев жалғыз қызы Раушанға арнап жаңа ән шығарды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Димаш Құдайбергеннің әкесі перзентіне деген әкелік ақ тілегін «Бақ сүйсін маңдайыңнан!» атты туынды арқылы жеткізген.
Әннің әуенін Қанат Айтбаевтың өзі жазса, сөзінің авторы -ақын, журналист Бауыржан Бабажанұлы.
Жаңа туындыға арнайы бейнебаян да түсірілген. YouTube желісінде жарық көрген клипке Раушанның қыз ұзату тойындағы әсерлі әрі естелікке толы кадрлар енгізілген. Бейнебаяннан әке мен қыз арасындағы ерекше жылылық пен қимастық сезімі анық байқалады.
Желі қолданушылары да жаңа әнге жылы лебіздерін білдіріп, туындының әкелік махаббат пен шынайы сезімге толы екенін атап өтті.
«Әкесінің қызына деген шексіз махаббатын жеткізген керемет ән», «Раушанға деген ақ тілегі мен ыстық ықыласы сезіліп тұр», «Ән де, бейнебаян да өте әсерлі шыққан», – деп жазды тыңдармандар.