Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды ұрып-соққан полицейлер сотталды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2108

Алматы облысы, Қаскелең қаласының Қарасай аудандық сотында бүгін Қаңтар оқиғасына қатысты, Қошмамбет кентінде болған азаптауға байланысты соңғы сот өтті, деп хабардайды madeniportal.kz.

Сотта 6 айыпталушының барлығы сотталды. Бауыржан Сопақов, Арман Шойбеков, Берік Әбілбеков, Олжас Айдарханов, Серік Тұрпанов, Нұрсұлтан Хамитов үш жылға бостандығынан айырылды.

Сотталушылардың туыстары сот шешімімен келіспейді. Олар ұлдарының сотталғанына адвокаттарды кінәлап отыр. 

Еске салайық, Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған 98 жәбірленушіні полицейдер азаптаған. Оларды түнімен ұрып-соғып, медициналық көмек көрсетпеген. Әрі ұйқы бермей, қинаған.

Сот былтыр қыркүйекте басталған. Күдікті полицейлерге "Лауазымын асыра пайдалану" және "Қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас, азаптаулар" баптары бойынша айып тағылған. Іс бойынша үш елден 44 азамат жәбірленуші деп танылған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...