Ақтауда мектеп күзетшісі 10 жасар қыз баланы зорламақ болған

Фото: lada.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
3142

Ақтауда №10 мектептің күзетшісі бала зорламақ болды деген күдікке ілінді, деп жазады madeniportal.kz  inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

"Бұл сұмдық жайт біздің мектепте орын алған. 52-53 жас шамасындағы ер адам мектептің кіреберісінде отырған. Сосын қызды шақырып, күзет бөлмесіне кіргізген. Қызға тисіп, зорламақ болған. Баланың қалай құтылғаны белгісіз. Камера тұрса да осылай жасапты. Құдай сақтады", – делінген мектеп ата-аналарының WhatsApp тобына жіберілген аудио хабарламада.

Белгілі болғандай, оқушы қыздың анасы полицияға арыз түсірген. Мектеп те оқиғаның 12 мамыр күні болғанын растаған.

Маңғыстау облыстық Полиция департаменті күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.

"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", – делінген хабарламада.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...