Астанада полиция қызметкерін балағаттаған жігіт 3 жылға сотталды

Фото: Gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
568

Астанада мас күйде ер адам полиция қызметкеріне қарсы шығып, балағат сөз айтып, күш қолданғаны үшін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Дереккөзге сүйенсек, оқиға Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің жанында болған.  

«Алкогольді масаң күйде болған ер адам полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, олардың атына балағат сөздер айтып, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлаған, сондай-ақ қарсылық көрсетіп, оларға қатысты күш қолданған. Құқыққа қарсы әрекеттердің салдарынан полиция қызметкерлері жеңіл жарақат алған», - деп хабарлайды прокуратура.

Олардың сотына қатысқан прокурор күдіктілердің кінәсін дәлелдейтін айғақтар ұсынған екен әрі күдікті де кінәларын мойындап, жасаған істеріне өкінген.

«Сот үкімімен азамат кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді», - деп хабарлайды прокуратура. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтауда әлемге әйгілі актер Джеки Чан мен ресейлік танымал рэпер MiyaGI-дің кездесуі желіде қызу тал...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда 40 жастағы әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды. Полиция оның тоғызыншы қабаттан құлаған...