Енді жеке куәлікті де онлайн рәсімдеуге болады

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2391

Жаңа құжатты жеке куәлігіңіздің жарамдылық мерзімі аяқталған кезде электрондық үкімет сайты немесе қосымшасы арқылы ала аласыз, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Ол үшін келесі нәрселерді істеу керек:

  • электрондық үкімет сайтында немесе eGov Mobile қосымшасында ЭЦҚ көмегімен өтініш толтыру және қол қою керек;
  • көрсетілген форматтағы фотосуретті түсіріп, оны өтінішке тіркеу қажет;
  • өтінімді уәкілетті орган тексеруі тиіс: өтініш берушіде тіркеу, жеке куәліктің қолданылу мерзімі, тіркелген фото болуы қажет;
  • егер тексеру жүргізілсе, қызмет үшін мемлекеттік бажды төлеу керек;
  • қызмет көрсету нәтижесі туралы сұрау салу;
  • жеке куәлік дайын болса ХҚКО-дан алуға болады.

Министрліктердің бірлескен бұйрығы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енді және 2026 жылдың 31 наурызына дейін қолданыста болады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...