Мьянмада құлдыққа түскен қазақстандықтар құтқарылды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2071

Dunyo ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мьянмада 4 қазақстандық, 8 қырғызстандық және 2 өзбекстандық құлдыққа түскен, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Жәбірленушілердің айтуынша, оларға Таиландтан жалақысы жоғары жұмыс ұсынылған. Тіпті, «жұмыс беруші» тегін әуе билетін де алып берген.

Алайда Таиландқа келген соң, оларды адам саудасымен айналасатын қылмыстық топ Мьянмаға жеткізген. Онда оларды алаяқтықпен айналысатын call-орталықта жұмыс істеуге мәжбүрлеген. Бұл ұсыныстан бас тартқандарды топ мүшелері ұрып-соғып қорқытқан. Құлдыққа түскен адамдарды босату үшін көп ақша талап етілген, – деп жазылған хабарламада.

Қазақстан мен Өзбекстан дипломаттары құлдыққа түскен азаматтарды отанына қайтаруға көмектесті.

Мьянма мен Таиландтың құзырлы органдарымен жүргізілген келіссөз нәтижесінде алданған азаматтар босатылды. Таиландтағы Мае Сот шекара бекетінде олар Қазақстан мен Өзбекстан дипломаттарына тапсырылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...