Каспий жағалауынан тағы да итбалықтардың өлексесі табылды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
276

Ақтауда Каспий теңізінің жағалауынан тағы да қырылған итбалықтар табылған. Экологтар су сынамаларын зерттеу үшін шара қабылдаған. Өлексенің саны әлі нақтыланып жатыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Аталған оқиға туралы Маңғыстау облыстық Экология департаменті хабарлады. Қырылған итбалықтардың өлексесі 24 мамыр күні 1Б шағынауданы маңындағы «Шағала» демалыс аймағы аумағындағы жағалау сызығынан табылған.

Өлекселердің нақты саны әзірге жария етілмеді.

Айта кетейік, бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті 19 мамырда Каспий теңізінің жағалауынан табылған өлі итбалықтар туралы ақпаратқа түсінік берген болатын.

Сол жолы Түпқараған ауданындағы Каспий теңізі жағалауында мониторинг жүргізу барысында жағалауда қатты ыдыраған (2-4 кезең) 35 итбалықтың өлексесін анықталған еді.

Экологтар сол жолы итбалықтардың жағаға шығарылуы батыстан соққан күшті дауылдың салдарынан болып тұратынын, дегенмен, барлық итбалықтардың өлімі бір уақытта болуы мүмкін екенін түсіндірген. Каспий итбалығын зерттеуді жүзеге асыратын ғылыми ұйым (Гидробиология және экология институты) сынамаларды (тіс, жүн және тырнақ) алғаны хабарланды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

10 шілде күні Астанада Әділет партиясының III кезектен тыс съезі өтті. Съезге еліміздің түкпір-түкпі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қайғылы оқиға 2026 жылдың наурыз айында Астана маңындағы Жібек жолы ауылында болған, деп хабарлайды...