Қарағанды облысында әкім ұсталды

Жаңалықтар
446

Мас күйінде көлік жүргізгені үшін Қарағанды облысында Ғабиден Мұстафин атындағы кент әкімі қамауға алынды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Қарағанды облысы полиция департаментінің хабарлауынша, Бұқар Жырау ауданында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 3 ақпанға қараған түні 55 жастағы жүргізушінің басқаруындағы көлікті тоқтатты.

Тәртіп сақшылары ер адамнан алкогольдің иісі шыққанын байқап, оны медициналық тексеруге жіберді. Осылайша оның орташа дәрежеде мас екені расталды.

Медициналық куәландырудан кейін материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Сот ер адамды жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырды және 15 тәулікке қамауға алу жазасын тағайындады, оның бес күнін күдікті облыс орталығында өткізеді.

Бұқар Жырау ауданының әкімдігінде мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталған ер адамның шынымен әкім екенін растады.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы Қайрат Құсайынов мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталған болатын. Содан кейін ол үш жылға құқығынан айырылды.

Айта кетейік, екі жылдан кейін құқығынан айырылған әкім (сол кезде - Қушоқы кенті) қайтадан полиция қызметкерлеріне ұсталған. Бұл жолы ол сау болса да, жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізгендігі үшін жазаланған болатын.

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...