Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан халқы Ассамблеясының құр...
Қарағандыда бірнеше көлік соқтығысты
Фото: freepik
Қарағандыда 21 қараша күні Бұқар жырау даңғылында бірнеше көлік соқтығысты. Апаттан кейін екі жүргізуші ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты сағат 16:04 шамасында болған. Полиция апатқа төрт көлік — Lada Priora, Chery, Kia Optima және Chevrolet Aveo қатысқанын хабарлады. Lada Priora мен Chery жүргізушілері ауруханаға жеткізілді.
Tengrinews.kz апатқа бес көлік қатысқанын жазып, бесінші көлік ретінде Lada X-Ray-ді атады. Әлеуметтік желіге тараған видеода күміс түсті Lada Priora жол жолағын күрт ауыстырып, қызыл Chery Tiggo 4-ке соғылғаны көрінеді. Соққыдан кейін Lada Priora тағы бірнеше көлікке тиіп кеткен.
Полиция жол апатын тіркеді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.