Жаңаөзенде жергілікті тұрғыннан бекіре балығы тәркіленді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Pol...
Судья шығып кеткен сәттегі келісім: Мұқағали Мақатаевтың ұлы ақынды балағаттаған блогерді кешірді
Ulysmedia коллажы
489
Алматы қаласының Наурызбай аудандық соты ақын Мұқағали Мақатаевты қорлады деп айыпталған блогер Алишер Теменовке қатысты қылмыстық істі тоқтатты, деп хабарлады Мadeniportal.kz.
Orda.kz сайтының жазуынша, 2025 жылғы 16 маусымда сотта ақынның ұлы Жұлдыз Мақатаев блогерді кешіріп, істі тоқтатуды сұраған. Бұған дейін ол моральдық өтемақы ретінде блогерден 10 миллион теңге талап еткен болатын.
Судья шешім қабылдау үшін залдан шығып кеткен сәтте, блогер Жұлдыз Мақатаевқа 2 миллион теңгені қолма-қол беріп, өзінің көлік кілтін тапсырған. Тағы 1 миллион теңгені он күн ішінде төлейтінін, одан кейін көлікті қайта алатынын айтқан.
Сондай-ақ, блогер ақынға айтқан сөзі үшін бүкіл халықтан кешірім сұрап, бейнеүндеу жариялауға уәде берді.