Қарағандыда өткен концерт кезінде 35 бала адасып кетті

Фото: дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1824

Қарағандыда концерт кезінде 35 бала ата-анасының қарауынсыз қалған, деп хабарлайды madeniportal.kz

Қарағанды облысында тұрғындар кеншілер күнін атап өтті. Іс-шаралар бірнеше тау-кен қалаларында өтті.

Халық саны миллионға жеткен Қарағандыда 24 тамызда кешке мерекелік концерт өтті, оған жергілікті эстрада жұлдыздарының ғана емес, қазақстандық және ресейлік жұлдыздар да қатысты.

Қаланың орталық алаңында 50 мың көрермен жиналды. Қоғамдық тәртіпті қорғауға 500-ден астам полиция қызметкері келді.

Концерт барысында 35 бала ересектердің қарауынсыз қалып, адасып кетті. Полицейлер көмекке келді. Барлық бала ата-аналарына қайтарылды.

Қарағанды облысының полиция департаментінің мәліметінше, мұндай ауқымды іс-шараны өткізу кезінде бірде-бір құқықбұзушылыққа жол берілмеген.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа жылдан бастап Қазақстанда тағы алты жол учаскесі ақылы болады. Олардың жалпы ұзындығы 1,8 мың ш...

PESTEL

АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы Провиденс қаласында орналасқан Браун университетінде емтихан кезінде б...