Елорда тұрғындары бүгін кешкісін Астанадағы қолайсыз ауа райы бейнеленген видеоларды желіде бөлісуде...
Қарағандыдағы көпқабатты үйден өрт шықты
Фото: ТЖМ
1465
Қарағандыда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты. Құтқарушылар ғимараттан 33 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Өрт Анжерская көшесіндегі тоғыз қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында болған.
Өрт сөндірушілер келген кезде пәтер қатты түтінге толып, жалынның жоғарғы қабаттарға тарау қаупі болған.
"Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекетінің арқасында түтін басқан подъезден 8 адам, соның ішінде екі бала құтқарылды, сондай-ақ 25 адам (оның ішінде 7 бала) эвакуацияланды", - делінген ведомство хабарламасында.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.