Қарин саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау комиссиясының отырысын өткізді

ЖАҢАЛЫҚТАР
4595

Жиында Мемлекеттік комиссияның 2022 жылы атқарған қызметінің негізгі қорытындылары қаралды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтыжазды.

Мемлекеттік комиссия жұмысының басты нәтижелерінің бірі ретінде саяси қуғын-сүргін тарихына арналған материалдар мен құжаттардың 31 томдық жинағының жарық көргенін айтуға болады.

Отырыс барысында еңбекті дайындаған авторлардың қатысуымен көптомдықтың тұсаукесер рәсімі өтті.

Кітаптар ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының түрлі санаттарына қатысты бұрын жарияланбаған архив құжаттары мен материалдарынан құралған.

Мемлекеттік комиссияның материалдарын жарыққа шығару жұмысы биыл да бірыңғай серия шеңберінде жалғасатын болады.

Сондай-ақ, тиісті мемлекеттік органдардың басшылары арнайы және ведомстволық архив қорларындағы құжаттарды құпиясыздандыруға,  архив материалдарын жүйелеуге және цифрландыруға қатысты атқарған жұмыстары жайында баяндады.

Жиын соңында 2023 жылы қолға алынатын басты бағыттар бойынша, ғылыми-зерттеу және қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстарын жалғастыруға қатысты тапсырмалар берілді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық педагогтер енді еңбек құқығы, жалақы және мектеп басшылығымен туындаған мәселелер бойын...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Қазақстан 2027 жылдың соңына дейін 3G мобильді байланыс желісінен толық бас тартуды жоспар...