“5 баланың әкесі”: Түркістанда дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 8-сынып оқушысына сұмдық әрекеттер жасаған

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1586

Түркістан облысында оқушысын қорлаған 38 жастағы дене шынықтыру мұғаліміне үкім шығарылды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Тергеу мәліметінше, ер адам сегізінші сынып оқушысын айдалаға апарып, оны қорламақ болған. Қыз қашып үлгерді. Оқушы қыз болған оқиғаны туыстарына айтып берген. Жәбірленуші тарап полицияға жүгінді.

Сотта мұғалім кінәні мойындамады. Алайда тергеу жүргізіліп, дәлелдер табылған еді.

«Ол қызды кездесуге өзі шақырды. Біз барлық қоңырауларды зерттедік. Сонымен қатар ер адам қызды құшақтап, денесіне қол тигізіп, басқа да әдепсіз әрекеттер жасаған», - деді Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ғани Құлдасов.

Сот ер адамды кінәлі деп тауып, оны 12 жыл алты айға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, оған білім беру саласында жұмыс істеуге біржола тыйым салынды. Сотталушы — бес баланың әкесі. Мектепте 16 жыл жұмыс істеген. Соттың соңғы отырысына оның туыстары да, отбасы да келмеді.

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...