Қарт әйелді шошқа тістелеп өлтірді

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1446

АҚШ-тың Огайо штатында қарт әйелге көршісінің шошқалары шабуылдап өлтірді, деп хабарлайды madeniportal.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

75 жастағы Ребекка Вестергаард Ригни 25 желтоқсан күні Рождество тойлату үшін туыстарына қонаққа баруы керек болған. 

Алайда ол сол күні мерекелік дастарханға келмеді. Кейін Ригнидің немересі уайымдап, полицияға хабарласады. Ол әжесінің үйін бір тексеруді өтінеді. Полиция зейнеткердің үйіне келіп, босағадан тыныс алмай жатқан денесін тапты.

Сараптама Ригнидің көп қан жоғалтуына байланысты көз жұмғанын анықтады. Себебі оның аяқтарын қандай да бір жануар тістеп тастаған. Полиция әйелді көрші шошқалардың шабуылына тап болды деп болжауды. Тергеу мәліметтері бойынша, олар Ригниге шабуыл жасап, тістеген. Тергеу жалғасуда.

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...