«Екі баласын лақтырып жіберген»: Павлодарда әйел адам көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кеткен

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1457

Павлодарда әйел 5-қабаттан балаларын лақтырып, артынан өзі секіріп кетті, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бүгін сағат 13:00 шамасында өтіп бара жатқан куәгерден шұғыл қоңырау түскен. Хабарламада Нұрмағамбетова көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің бесінші қабатынан әйел екі баласын терезеден лақтырып, артынан өзі де секіріп кеткені айтылған.

Оқиға орнына небәрі 6 минут ішінде үш жедел жәрдем бригадасы жетті.

Қазіргі кезде екі бала ауыр жағдайда облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. 

Әйел қалалық №1 аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Оқиғаға байланысты аймақтық полиция департаментінің ресми түсіндірмесі күтілуде.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Еңбек министрлігі зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу шектерінің неге көтерілгенін түсіндіріп,...

PESTEL

АҚШ пен Иранның өзара соққылары Ормуз бұғазындағы жағдайды ушықтырып, әлемдік мұнай нарығы мен өңірл...