Қарыздан құтылу үшін сәбиін сатпақ болған жас жұбайларға үкім шықты

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
147

Өздерінің бірнеше айлық ұлын сатуға әрекеттенген жас ерлі-зайыпты бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Astana_sergek-ке сілтеме жасап.

Жоғарғы соттың мәліметінше, қылмыс жасалған кезде әйел 19 жаста, ер адам шамамен 20 жаста болған. Ал олардың сәбиі небәрі бірнеше айлық болған.

Тергеу барысында отбасының жұмыссыз қалып, баспанасыз қалғаны анықталған. Қаржылық қиындыққа тап болған әйел күйеуіне несиелерін өтеу және Түркияға көшу мақсатында баланы сатуды ұсынған.

Сот олардың әрекетін адам саудасы бабы бойынша саралап, екеуін де кінәлі деп таныды. Нәтижесінде ерлі-зайыпты бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Ал сәбидің алдағы тағдырын әлеуметтік қорғау органдары шешетін болады.
Айта кетейік, бұд оқиға Өзбекстанда орын алған. 

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашевтің педагогтерге ресми ме...

Шоу-бизнес

Блогер Ырысбала Икрамбай ажырасқалы жүргенін айтып, желіні шулатты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz....