Қасым-Жомарт Тоқаев министр Ақтоты Райымқұловаға не тапсырды?

ЖАҢАЛЫҚТАР
3810

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысына министрліктің атқарып жатқан қазіргі қызметі және ортамерзімді жоспары жөнінде мәлімет берілді.

Қазақстан Президенті жаңа министрге заңнамалар мен нормативтік-құқықтық базаны одан әрі жетілдіру, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» және «Киелі Қазақстан» бағдарламаларын, туризм, спорт, мәдениет және тіл саясаты салаларындағы жобаларды іске асыру жөнінде бірқатар міндет қойды.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және спорт қайраткерлерінің әлеуметтік тұрмыс жағдайын жақсарту, жергілікті атқарушы органдармен және бизнес-құрылымдармен өзара ықпалдастықты нығайту бойынша жұмыстарды жандандыру қажеттігін айтты.

author

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

ҚАЙРАТКЕР

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...