Шымкентте мәйіті қоқыстан табылған Диана Оңғарбаеваның көзі, құлағы мен мұрнынан құрт шығып жатқан к...
«Қатал болдым, еміреніп құшақтамағаныма өкінемін»: Асанәлі Әшімовтың өкініші желі халқын шулатты
Фото: әлеуметтік желі
Асанәлі Әшімовтың балаларына арнап жазған ой-толғамы желіде тарады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Әсет Ақмолда марқұм актердің екі баласына деген сағынышы жасылған естелігін ұсынды.
«Менің балаларымның тәрбиесі жақсы болды. Екеуінің де. Бірақ мен қазір балаларымның бетінен бір сүйе алмай қалғаныма қатты өкінемін. Екеуін бір еміреніп құшақтамаған екенмін. Бұны енді менің қаталдығыма жатқызуға болмайды. Мен оны уақытымның аз болғанынан, тығыз болғанынан көремін. «Балаларым ешқайда кетпейді, өмір бойы қасымда жүре береді» деген ойда жүре беріппін. Мектеп қабырғасында жүргенде бірде-бір рет ата-аналар жиналысына, не болмаса, алғашқы қоңырау, соңғы қоңырау дегендеріне бармаппын. Уақытымды соларға арнамадым. Үлкенім үлкен кісілерге тиесілі болды. Әсіресе соған еш көңіл бөлмеппін. Бірақ іштей жанымдай жақсы көрдім. Олар да мені жанындай жақсы көрді. Бірде Сағи: «Осыдан сізді біреу ренжітіп, жаманшылық істесін, солардың қолында өлемін» дегені бар-ды. Мені «аға» дейтін. Ол сәл қызба-тұғын. Бұның өзі балалық қамқорлығы шығар деп ойлаймын. Міне, осындай қарым-қатынастар болды.
Мен қайдан білейін, олардың бірінің артынан бірінің кетіп қалатынын. Мен кейде ойлаймын: асып-тасып, есіріп бара жатсаң өмірдің өзі бірден қалпыңа түсіреді, орныңа әкеле қояды. Өмір, тағдыр. Менің де жастықпен, білместікпен артық кетіп қалған жағдайларым болды. Кей сәтте тағы ойланамын, солардың ерте кеткеніне менің кінәм бар шығар деп. Өйткені өмір дегеннің тепе-тендік заңдылығы бар ғой…», - деген марқұм.