Денсаулық сақтау миүистрі Ақмарал Әлназарова бірлескен палаталар отырысында айтты. Бұл туралы KAZ.NU...
Аптап ыстық +50 градусқа дейін: синоптиктер шілде айының қандай болатынын айтты
ашық дереккөз
«Қазгидромет» шілде айына арналған болжамын жариялады. Жылдың ең ыстық айы ел бойынша аптап ыстық пен құбылмалы ауа райын алып келеді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Солтүстік пен шығыста орташа температура +18...+23 градус аралығында болады, ал оңтүстікте +28...+30 градусқа дейін көтеріледі. Алайда кейбір күндері ыстық әлдеқайда күштірек болады. Солтүстік және шығыс өңірлерде ауа температурасы +42...+43 градусқа дейін, орталық, батыс және оңтүстік-шығыс аймақтарда +47...+48 градусқа дейін, ал елдің оңтүстігінде +50 градусқа дейін жетуі мүмкін.
Сонымен қатар, солтүстік пен шығыста түн салқын болады. Кей жерлерде ауа температурасы +5 градусқа дейін төмендейді.
«Шілде айы Солтүстік Қазақстан үшін ең жауын-шашынды ай болып саналады. Жауын-шашын найзағаймен қатар жүреді, ал кейбір аудандарда бір тәуліктің ішінде айлық жауын-шашын мөлшері түсуі мүмкін. Найзағайдың ең жоғары белсенділігі солтүстік, шығыс өңірлерде және таулы аймақтарда күтіледі. Оңтүстік-шығыстағы тауларда бұршақ жаууы ықтимал», — дейді синоптиктер.
Бұған дейін алдағы күндері Қазақстандағы ауа райы өте құбылмалы болатыны туралы жазған едік. Синоптиктер бірнеше өңірде жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел болады деп болжаған. Елдің батысында 19–20 маусым күндері ауа температурасы +40...+43 градусқа дейін жететін аптап ыстық күтілген.