Алматыда 40 жастағы әйел тоғызыншы қабаттан құлап кетті

Ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
321

Алматының Алмалы ауданында қайғылы жағдай болды. Полиция 40 жастағы әйелдің қаза болу мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, әйел өзі тұрып жатқан көпқабатты үйдің тоғызыншы қабатынан құлаған.

Жедел-тергеу тобы пәтерді тексеру барысында тергеу үшін маңызы бар материалдар мен мән-жайларды, оның ішінде мазмұны зерделенетін жазбаны анықтады.

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері болған оқиғаның толық мән-жайын анықтап, ықтимал себептерін, марқұмның өмір салтын, қарым-қатынас ортасын және қайғылы жағдайға дейін болған өзге де мән-жайларды зерделеп жатыр.

Тексеру қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...