Qazaq Air шетелдік инвесторға 1 миллиард теңгеге сатылды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
922

Qazaq Air шетелдік инвесторға 1 миллиард теңгеге сатылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

“Самұрық-Қазына” қоры компанияның 51% акциясын сату жөніндегі мәміле аяқталғанын жеткізді. Оның ішінде:

49% –  Central Asia Aviation Holdings Limited жеке компаниясы;

Қалған 2 %-ын Kazasía Holdings Limited ЖШС сатып алды.

51% үлесті сату құны 1,020 миллиард теңге болды.

Бұған дейін Qazaq Air-дың вьетнамдық Sovico Group компаниясына сатылатыны бірнеше рет айтылған еді. 2023 жылы қазақстандық әуе тасымалдаушысының құны 10,2 миллиард теңгеге бағаланған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...