Қазақ жігіті арақ ішуді қойғызудың адам нанғысыз тәсілін ойлап тапқан (ВИДЕО)

коллаж

ЖАҢАЛЫҚТАР
2151

Желіде ер адамның арақты қойдырудың ерекше әдісімен ем жүргізіп жатқан видеосы тарады, деп хабарлады Madeniportal.kz.

Онда Жандар Қалдыбекұлы есімді араққа әуес азаматты емдеген аты-жөні белгісіз емшінің темірді отқа қыздырғанын көруге болады. Кейін қыздырылған темірді ем қабылдаушы азаматтың бетіне тақап лебіне бетін тостырған. Кейін оның тілін ыстық темірге басып, басынан және иығынан ұрғылап, жалпыға ортақ діни сұрақтар қойған. Емші суық суды аузына толтырып, қызып тұрған темірге үрлеп келушінің денесіне шашыратқан.

Бұл тәсілдің қаншалықты нәтижелі екенін айту қиын, алайда емшіге келіп ем қабылдаған азаматтың абдырап, әбден қобалжығаны және қорыққаны байқалады.

«Сен алақандай ыстық темірдің қызуына шыдамай тұрсың, арақ ішіп тозаққа барғанда оның жалынына қалай шыдаймын деп тұрсың. Сондықтан арақ ішуден арыл. Қашан қоясың ішуді?», - деп сұраған емші.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...