Қазақ жігіті Лондонның бір ауданының мэрі болып сайланды

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
996

Лондонның ең беделді әрі тарихи аудандарының бірі саналатын Сент-Джеймс (St. James’s) ауданының басшылығына Қазақстан тумасы Санжар Әбішев келді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Arasha.kz-ке сілтеме жасап. 

Қандасымыз Ұлыбританияның Консервативтік партиясы атынан сайлауға түсіп, сенімді жеңіске жеткен.

Сайлау нәтижесі бойынша Санжар Әбішев 2,3 мың дауыс жинақталған додада қарсыласынан 350 дауыс артық алып, көш бастаған. Бұл туралы Kusto Group компаниясының негізін қалаушылардың бірі, қазақстандық кәсіпкер Қанат Көпбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Британдық элита ортасында ешқандай таныс-тамырсыз, тек білімі мен табандылығының арқасында Лондондағы мәртебелі ауданның мэрі атанды. Бұл – оның үлкен жолының бастамасы ғана деп сенемін", – деді Қанат Көпбаев. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда зейнетақы аннуитеті арқылы зейнет жасына жетпей-ақ өмір бойы төлем алуға болады, деп хаб...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Депутат Айнагүл Балташева педагог-ассистенттердің еңбегіне бірыңғай талап енгізуді ұсынды, деп хабар...