ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен мәдениет саласындағы бірқатар бағынысты ұйымдардың бас...
«Әкем мені балам емес, інім деп таныстыратын»: Әбунасыр Серіковтің ұлы көп жылдық ренішін айтты
әлеуметтік желіден
Танымал актер Әбунасыр Серіковтің ұлы Әбілмансұр Серіков әкесінің өзін өнер жолында неге қолдамағанын және бала кезінде оған не үшін ренжігенін айтып берді, деп хабарлады MadeniPortal.kz Qazaqtoday.info порталына сілтеме жасап.
Жас актердің айтуынша, әкесі оның танымал адамның баласы ретінде емес, өз еңбегімен жетістікке жеткенін қалаған. Сондықтан Әбунасыр Серіков ұлының шығармашылық жолына араласпай, оған арнайы қолдау көрсетуден саналы түрде бас тартқан.
Әбілмансұр бала күнінде әкесінің бір әрекетін түсіне алмағанын да жасырмады. Оның сөзінше, Әбунасыр Серіков көпшілікке оны өз ұлы ретінде емес, «інім» деп таныстырған. Бұл жағдай сол кезде жас актердің көңіліне тиген.
Алайда уақыт өте келе Әбілмансұр әкесінің мұндай ұстанымының себебін түсінгенін жеткізді.
Оның пікірінше, әкесінің өнер жолында көмектеспеуі өзіндік жолын қалыптастыруға, қиындықтарды өз бетімен еңсеруге және табандылықпен еңбек етуге үйреткен.
Бүгінде актер әкесінің сол кездегі қатаң талабын ренішпен емес, өмірлік сабақ ретінде қабылдайтынын айтты. Оның сөзінше, дәл осы тәрбие қазіргі жетістіктеріне жетуіне ықпал еткен.