«Қазақфильмге» жаңа басшы келді: Құрманбек Жұмағали тағайындалды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
307

Құрманбек Жұмағали Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұған дейін ол «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметін атқарған. Аталған ұйымды 2023 жылғы шілдеден бері басқарды.

Құрманбек Жұмағалидің мемлекеттік қызметте, бұқаралық ақпарат құралдары мен медиа саласында мол тәжірибесі бар.

Құрманбек Жұмағали туралы не белгілі?

Құрманбек Жұмағали 1985 жылғы 27 тамызда дүниеге келген. 2008 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2004 жылы «Қазақстан» телерадиокорпорациясында редактор-жүргізуші болып бастаған. Кейін «Хабар» агенттігінде қызмет атқарды.

2013–2018 жылдары Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметін басқарып, Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасында жетекшілік қызмет атқарған.

2018–2019 жылдары «Қазақ радиолары» ЖШС басшысы және «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы басқарма төрағасының бірінші орынбасары болды.

2019–2021 жылдары «Астана» телеарнасының бас директоры қызметін атқарды. Ал 2021 жылдан 2023 жылғы шілдеге дейін «31 арнаны» басқарды.

2023 жылғы 28 шілдеде Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Аталған орталық отандық кинематографияны дамытуға, ұлттық фильмдерді мемлекеттік қаржыландыруға және қазақстандық кино жобаларын қолдауға жауап береді.

Енді Құрманбек Жұмағали отандық кино өндірісінің негізгі мекемелерінің бірі – Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясына жетекшілік етеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында 14 жастағы Асылбек соққыдан кейін ес-түссіз жатыр. Туыстарының айтуынша, жасөспірім...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Дүйсенбі, 23 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауып, жел күшейеді. Солтүстік Қ...