«4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2287

41 жастағы марқұм он күн бұрын із-түзсіз жоғалып, зорлық-зомбылық белгілерімен өлі табылған. Туыстары күдікті бастығын өлтіруді төрт ай жоспарлағанын айтады, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ. Бұл туралы КТК телеарнасы жазды. 

"Бастығын өлтіруді 4 ай жоспарлаған": Көкшетауда кісі қолынан қаза тапқан марқұмның туыстары жанайқайын айтты "Алдында аңдып жүргені де содан, қолайлы сәт іздеп жүрген. Неше айдан бері ойластырып. Жалғыз өзі істеген жоқ. Немесе басқа біреулерді апарып, дайындап қойды. Лудоман болған деді", - дейді марқұмның анасы Халида Игелдиева.

23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай, осы қылмысқа баруы мүмкін дейді қара жамылған ана. 8 мамырда түскі сағат үште қаза болған Жанболат Кенжеахметов күдіктінің көлігіне отырған, дейді туыстары.

Телеарнаның ақпаратына сай, көше мен тұрғын үйлердегі бейнебақылау камераларына қылмыскердің әрекеттері түсіп қалған.

"Із жасыру үшін мәйітті бір күн бойы көлігінің салонына салып жүрген", - дейді КТК тілшілері.

Еске салайық, он күн бұрын жұмысқа кетіп, қайта оралмаған көкшетаулық азаматтың қинау белгілері бар мәйіті табылған еді. Көп ұзамай полиция қызметкерлері күдікті ретінде марқұмның әріптесін қамауға алды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі саясаткер әрі қоғам қайраткері Бахыт Түменова өмірден өтті. Бұл туралы мәж...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазір әлеуметтік желілерде продюсер Баян Алагөзова мен жұбайы Тұрсын Алагөзовтың қазақ киносының аңы...