Қазақстанда 490 мектеп директорсыз отыр

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
520

Қазақстанда  490 мектеп директоры лауазымы бос тұр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz оқу-ағарту министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Солай бола тұра, мектеп директоры болғысы келген ұстаздардың 80 пайызы дерлік тест тапсыра алмаған екен.

«Мектеп басшылары әсіресе, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды обыстарында жетіспей жатыр. 2025 жылы директорлыққа үміткерлердің тек 21%-ы ғана тестілеуден өткен», - деп хабарлайды министрлік.

Сондықтан, оқу-ағарту министрлігінде өткен жиында директорлар жетіспейтін өңірлерге білікті мамандарды басқа аймақтардан тарту тетіктерін қарастыру мәселесі сөз болған.

Айта кетейік, белгілі болғандай, Қазақстанда нақты ғылымдар бойынша сабақ беретін мұғалімдердің жартысынан көбі тиісті тестілеуді тапсыра алмаған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды M...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысының таулы ауданында шыңға шығу кезінде топтан адасып, байланыссыз қалған ер адам құтқар...