«Қазақмыстың» мәлімдемесі: Шығыс-Жезқазған кенішінде жұмысшы қаза тапты

Ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
2248

«Қазақмыс» компаниялар Тобы 2025 жылдың 19 наурызында Ұлытау облысында орналасқан Шығыс-Жезқазған кенішінде жазатайым оқиға болғанын мәлімдеді, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

«№57 шахтада тауарлық-материалдық құндылықтарды түсіру кезінде 1994 жылғы жұмысшы жүк оқпаны алаңындағы саңылауға құлап кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан жұмысшы оқиға орнында көз жұмды.

Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталуда, жазатайым оқиғаны тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды.

«Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен ұжымы марқұмның жақын туған-туысқандарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. Қаза тапқан жұмыскердің отбасына ұжымдық шартта қарастырылған барлық қажетті көмек көрсетіледі, оның ішіне жерлеу шығындары да кіреді», – делінген кәсіпорынның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда ауа райының күрт салқындауына байланысты биыл жылыту маусымы әдеттегіден ерте басталады. 9...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтаудағы №1 жалпы білім беретін мектепте 10 және 11-сынып оқушылары арасында жаппай төбелес б...