«Виза алып беремін» деп 15 млн теңге жинаған: Астанада 33 жастағы әйел ұсталды

ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
153

Астанада Түркия мен Вьетнамға виза рәсімдеп беремін деп азаматтарды алдаған 33 жастағы әйел ұсталды. Күдіктінің әрекетінен келген шығын көлемі шамамен 15 миллион теңгені құрайды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz полиция мәліметіне сілтеме жасап.

Елорда полициясының мәліметінше, Есіл ауданының криминалдық полиция қызметкерлері шетелге шығуға көмектесемін деп тұрғындардың ақшасын иемденген күдіктіні қолға түсірген.

Тергеу барысында әйелдің азаматтарға Түркия мен Вьетнамға еш кедергісіз шығуға көмектесетінін айтып, түрлі көлемде ақша алғаны анықталған. Алайда қаражатты алғаннан кейін жәбірленушілермен байланысын үзген. Қазіргі уақытта алаяқтықтың алты дерегі анықталды. Жалпы келтірілген шығын шамамен 15 миллион теңгені құраған. Полицияның хабарлауынша, күдікті өз кінәсін толық мойындаған.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция азаматтарға виза рәсімдеу қызметін ұсынатын компаниялардың заңды қызметін тексеріп, келісімшарт талаптарымен мұқият танысуға кеңес берді. Сондай-ақ күмәнді тұлғаларға алдын ала ақша аудармауға шақырды.

Шоу-бизнес

«Жігіттер» тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов өзі туралы тараған жұртты шошытқан ақпара...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлемге әйгілі актер Джеки Чан Қазақстанда түсірілген «Құдайдың сауыты: Ультиматум» (&l...